Аты аңызға айналған америкалық боксшы, аса ауыр салмақтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Майк Тайсон Дубайда өз спорт академиясының филиалын ашуды көздеп отыр.
Спортшының айтуынша, БАӘ, әсіресе, Дубай әлемнің спорт картасында өзін жақсы жағынан көрсете білген.
"Дубайда халықаралық деңгейде көптеген спорттық іс-шара өткізіліп тұрады. Менің пәлсапам бойынша, бұл жерде спорт орталығының нақты бір тауашасы бар", - дейді 50 жастағы боксшы.
Бұл орталықта бокспен айналысудан басқа да спорт түрлерімен дайындық жүргізу жоспарланып отыр. Жаттығу жасау үшін осы академияға шынайы боксерлік шаршы алаң қойылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу