Майк Тайсон Қазақстанға келуі мүмкін

282

Шоуды ұйымдастырушылар ММА-дағы аты мәлім файтер Федор Емельяненконы Тайсонға қарсылас ретінде шақыруды көздеп отыр. 

Майк Тайсон Қазақстанға келуі мүмкін Фото: РБК

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл туралы Sportnews.kz сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Жоспарымызда Майк Тайсон мен Федор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бар. Бұл бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Біз Тайсонды қатыстыруды көздеген турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, – деді Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Майк Тайсон спорттық мансабында 50 жеңіске (оның 44-і нокаутпен) және 7 жеңіліске ие болған. Өткен жылы ол Джейк Полмен кездесіп, бірауыздан шешіммен жеңіліп қалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу