Оқиға орнында құрылған жедел штабтың шешімі бойынша кеше кешкілік ойық түбіне техника кіргізу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде ойық түбіне жол салынып, ауыр техника түсірілді. Қазіргі күні іздеу-құтқару жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Ең бастысы, авариялық-құтқару жұмысына жұмылдырылған адамдарды топырақ басып қалады деген қауіп жоқ. Топырақ сусығанын қойды.
Жер астына түсіп кеткен автобус жүргізушісі мен бір құтқарушы бүгін табылады деген үміт басым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу