Майқайыңдағы апатқа қатысы бар алты адам қамауға алынды

363

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Майқайыңдағы апатқа қатысы бар алты адам қамауға алынды Фото: azh.kz

"Майқайыңалтын" кен байыту комбинатының экс-директоры мен өндірістік учаскелерді басқару және инженерлік құрамдағы бес адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дерекке қарағанда, соңғы бесеуін жұмыс орындарында тінту жүргізгеннен кейін полицияның ОМОН қызметі алып кеткен, деп жазады Qazaqstan.tv.

Ал жұмыстан босатылған бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің алдағы уақытта үй қамағында немесе түрмеге жабылуын ертең сот қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу