Майқайың кенішінде құлаған автобус табылды

403

Қазіргі уақытта оны шығару жолдары қарастырылуда.

Майқайың кенішінде құлаған автобус табылды Фото: pavlodarnews.kz

Майқайың кенішінде құлаған автобус топырақ астында 5-7 метр тереңдікте табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іздеудің төртінші күні құтқарушылар Майқайың кенішінде болжам бойынша құлауы мүмкін автобустың орнын анықтады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер астындағы металл затты түбінен бес метр тереңдікте геосканер байқаған. Аумақты "Алтыналмас АК" АҚ мамандары тексерді. Бригаданы "Богатырь Көмір" компаниясының автокраны төмен түсірді. Құтқарушылардың болжамы бойынша, табылған метал тереңдікке құлаған автобус болуы мүмкін.

"АК Алтыналмас" АҚ – Балқаш қаласының мамандары мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді.

"Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Қазір нәтижелер өңделуде, шамамен автобустың жатқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды", – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Қазіргі уақытта мамандар автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын пысықтауда.

Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 техника, 3 кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу