Сейсмология орталығы тексеру нәтижесінде бұл құбылыстың Майқайың кентінен 15 шақырым қашықтықта орын алғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтар күні сағат 09:55-те Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындары жердің дірілін сезінгені туралы ақпарат түскен.
"Майқайыналтын" ЖШС-нің жарылыс жұмыстары 8 қаңтарда жүргізілгені белгілі болды. Қауіпті аймақтың радиусы бұл құбылыстың мұндай салдарға әкелуіне мүмкін еместігін көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу