Майқайыңда жоғалғандардың туыстары көріпкелден көмек сұрады

524

Майқайыңда автобустың шұңқырға құлап кеткеніне тура үш апта болды.

Майқайыңда жоғалғандардың туыстары көріпкелден көмек сұрады Фото: ТЖД

Жер жұтып қойған екі адамды іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Бүгін шағын эксковатордың күші жетпейтін алып тастарды электр балғамен бөлшектеу жұмыстары жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Президенттен көмек сұрап үндеу жасаған жоғалғандардың туыстары, енді көріпкелдің жәрдеміне жүгінді. Әлеуметтік желіде Айгүл деген атпен әйгілі экстрасенс, күні кеше Майқайыңға келіп кеткен. Ол автобустың орналасуы мүмкін жерді көрсетіп бергенін айтады және бүгін бір дерегі шығады деген еді. Алайда, еш хабар болмады.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті көріпкелдің сапарына еш қатысымыз жоқ дейді. Оны оқиға орнына жоғалған құтқарушылардың туыстары шақырғандықтан ешкім қарсы болмаған. Әйтсе де, көріпкелдің шұңқырға жақындамағанын айтады. Қауіпсіз аймақтан кері қайтқан. Ал ғалымдар болса ғылым мен техника дамыған заманда тылсым дүниеге адамдар шарасыздықтан сенетінін айтады.

"Мынадай өркениеттің заманында, ғылым-білімің бар уақытында сосын, біз зайырлы мемлекет екендігіміз рас болатын болса мен өз басым көріпкелдерге 100 пайыз сенуге болмайды, деп ойлаймын. Бірақ енді, демеу есебінде, жүрекке көңілге демеу есебінде мүмкін уақытша алдарқату деп ұғынамын. Немесе белгілі бір қоғамның ішіндегі қазіргі кездегі жұртты бағындырудың немесме бір уақыт соза түсудің жаңа форматы деп ойлаймын", - дейді филология ғылымдарының кандидаты Серік Елікбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу