Осыған байланысты сарапшылар жер қыртысын зерттеуге кірісті, деп жазады inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Баянауыл ауданының әкімі 1 наурыздан бастап Майқайың кентінде техногенді сипатта төтенше жағдай жариялаған. Мұндай шешім жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төну ықтималдығы жоғары болғандықтан қабылданды. Әзірге кеніш аумағында құтқару жұмыстары тоқтап тұр.
"Бұл жекеменшікке тиесілі кәсіпорын. Олардың қашан келісім-шарт жасайтынын мен нақты айта алмаймын. Бұл жерде техникалық, технологиялық және қаржылық шешімдер бар. Оқиғадан министрлік хабардар. Жұмыс алаңы дайын болған күні құтқарушылар іске кіріседі", - деп мәлімдеді ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев.
"Майқайыңалтын" АҚ директоры Қуаныш Ботиннің сөзінше, жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір құтқару жұмыстарын жүргізу өте қиын. Себебі басқа адамдар зардап шегуі мүмкін. Сол себепті кәсіпорын жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды.