"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды

330

Автобуста барлығы 4 адам болған.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды Фото: ТЖД

Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында үйіндінің құлау шеттерінен топырақты сырғыту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тартылған құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін ауыр инженерлік техниканы жұмылдыру мақсатында үйіндінің шеттерін мәжбүрлеп түсіру және жүретін жолдарды салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, ЖАО, "Майқайыңалтын" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 132 адам және 29 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның кеңістігіне автобус құлаған болатын, онда "Майқайыңалтын" АҚ шахтасы алаңында түтін шыққаны туралы шақыруға шыққан КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының құтқарушылары болған. Автобуста барлығы 4 адам болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу