Майқайыңалтын кеніші аумағынан 180 мың тонна топырақ шығарылды

1486

20 ауыр техника тәулік бойы жұмыс істеуде.

Майқайыңалтын кеніші аумағынан 180 мың тонна топырақ шығарылды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары орнында техникамен автобус құлаған жерге өту үшін бағаналық жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, 20 ауыр техника тәулік бойы жұмыс істеуде. 

Жұмыс барысында барлығы 180 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылған.

"Жұмыстар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде. Шұңқырдың ортасына жақындаған кезде, үйінді топырағынның сырғуына байланысты қауіп бар. Топырақтың жылжуын уақтылы анықтау үшін құлау аймағына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, 1 кинологиялық есептоп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) жұмылдырылған.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 4 қаңтардың түнінде болды. "Майқайыңалтын" АҚ кеніші шахтасының жанында жол опырылып, жолаушылар отырған автобус тұңғиыққа құлаған. Екі адамның денесі табылғанымен автобус пен қалған екі адамның денесі әлі табылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу