Майқайыңалтын: Мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төнуде

328

Оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды.

Майқайыңалтын: Мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төнуде Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында жұмыстар барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

 ТЖМ ақпаратына сәйкес, шұңқырдың шетіне ауыр техникамен аппарель төселді және сақтандыру кабелі бойынша шағын габаритті экскаватордың түсірілген.

"Автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жүргізілуде, оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды. Жұмыстарды жүргізу тау жыныстарының тұрақсыздығына және топырақтың үнемі қозғалуы мен сырғуына байланысты қиындай түсті", - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар шұңқырға түсуді жүргізетін, сондай-ақ экскаватор машинисін сақтандыратын арқан тартылған.

"Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болу және іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі болғандықтан, барлық мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төнуде. ТЖМ мамандары халықаралық тәжірибені зерделеп, таяу елдердің мамандарымен, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ ардагерлерімен кеңестер өткізді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу