Майқайыңда 13 тәулік бойы топырақ астында жатқан 2 адам тірі болуы мүмкін

7775

Төтенше жағдайлар вице-министрі құтқару жұмыстарының аса ауыр жағдайда жүріп жатқанын айтты.

Майқайыңда 13 тәулік бойы топырақ астында жатқан 2 адам тірі болуы мүмкін Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы екі адамның туыстары олар әлі де тірі болуы мүмкін деген сенімде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Десе де екі аптадан бері табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді Бауыржан Сыздықов. Ол дәл осындай ғажап оқиға шет мемлекеттердің бірінде болғанын айтады.

"Ондай да жақсы болжам бар, бірақ нақты уақытын дөп басып айта алмаймыз. Өйткені жағдай өте күрделі. Автобустың қай жерде жатқаны анықталғанымен, оған жету оңай болмай жатыр. Арнайы құрылғы автобусты көрсеткенімен, оның астында бос кеңістік болуы мүмкін. Құтқарушылардың өміріне де қауіпті", - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу