"Майқайыңда" алты айдан кейін денесі табылған құтқарушы Айдос Шәймерденнің әйелі үндеу жасады

8578

Ол жолдасының денесін тауып, алып шыққан адамдарға алғысын білдірді. 

"Майқайыңда" алты айдан кейін денесі табылған құтқарушы Айдос Шәймерденнің әйелі үндеу жасады Фото: ашық дереккөз

"Майқайың" кенішінде мерт болған Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"198 күн бойы мен соның басында жүрдім. Күніне кемінде екі рет шұңқырдың басына келіп жүрдім. Сол кезде сіздердің өмірлеріңізге қауіп төнгенін өз көзіммен көрдім. Бірақ соған қарамастан азаматтарды алып шыққандарыңыз үшін рақмет айтамын. 

Бірінші айда күйеуімді тірі деп ойладық. Демалып жатқан шығар деп үміт ұялаттық. Бірақ өкінішке қарай, олай болмай шықты", - деді марқұмның әйелі. 

Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болғн төртінші құтқарушының денесі табылған болатын. Ол Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергенов болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу