"Майқайыңалтын" АҚ жанынан кірпіш өндіретін кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Бүгінде кәсіпорын іске кірісуге дайын тұр, - деді Қуаныш Ботин. – Оны салуға 92 млн теңге қаржы жұмсалды. Қазіргі уақытта рұқсат құжаттары дайындалуда. Сертификаттаудан өтіп жатырмыз. Кірпіш өндіріс қалдықтарынан жасалады. Біздегі күл үйіндісін пайдаланып, цемент қоспақпыз. Кірпіш сұр түсті болады. Бас директор кәсіпорынның айына 30 мың кірпіш өндіру қуаттылығы бар екенін атап өтті. Бір кірпіштің құны шамамен 179 теңгені құрайды. Кірпішті кәдімгі құрылыстарда, үй салуға пайдалануға болады", - деді Қуаныш Ботин.
Аса ірі көлемде өндірмейтіндіктен, сату жағынан мәселе туындамауы тиіс. Қазірдің өзінде Майқайың кентінің тұрғындары кезекте тұр. Рұқсат қағаздары келгенде жұмыс бірден басталады.
Оған қоса, Майқайың мен Екібастұзда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары көп. Сондықтан кірпішке сұраныс бар.
Айта кетейік, жыл бойы өнім шығаратын кірпіш кәсіпорынында 12 жаңа жұмыс орыны ашылады.