Майқайыңда төтенше жағдай жарияланды

527

Суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Майқайыңда төтенше жағдай жарияланды Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Майқайың кенті мен "Богатыр Көмір" АҚ-на су жеткізетін магистральдегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 мамандандырылған техника жұмылдырылған.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өңір басшысы Асайын Байханов Майқайың кентіндегі диаметрі 1 020 мм суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді.

Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде мұз қату мен мен ауаның тұрып қалу жайттарын тексеріп жатыр. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелердегі желінің айналасына көмір мен шпал үйіліп, от жағылған. Осылайша, қатып қалған құбырлар жібітіліп жатыр.

"Майқайың кентіне су төмен қысымда беріліп жатыр. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі - 250 текше метр. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар әрі ол тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді өңір әкімінің баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, Екібастұздан Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін үлкен құбыр жарылды.

Майқайың кентінің тұрғындары күніне 1 мың текше метр ауызсу тұтынып келген. Қазір қысымның төмендеуіне байланысты "Майқайыңалтын" АҚ су таситын машиналарды жұмылдырды.

Құбырдағы ақауға байланысты "Богатырь-Көмір" кәсіпорнына су беру уақытша тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу