Майқайыңда автобуспен бірге шұңқырға құлаған екі адамның бірінің денесі жер астынан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушының мүрдесі 70 метр тереңдіктен табылған. Қазір оның жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Әйтсе де, оның құтқарушылар жасағының командирі болған Айдос Шаймерден екені айтылады. Өйткені, мүрде шыққан жерден Айдос Шаймерденнің жетоны да шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу