Майқайыңдағы апат: 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін

295

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті. 

Майқайыңдағы апат: 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін Фото: gov.kz

Апатқа қатысты тексеру, зерттеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Менің білуімше, Майқайыңдағы апатты жағдай бойынша 21 адам кінәлі деп танылған сияқты, нақты айта алмаймыз. Іздеу жұмыстары қалған адамдардың өміріне қауіп келтіргені үшін тоқтатылды. Бірақ, комиссия жұмысын тоқтатқан жоқ, қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Біз үшін адамның өмірі қымбат. Негізі іздеу жұмыстарымен Төтенше жағдайлар министрлігі шұғылданады, біз комиссия құрамына маман ретінде кіреміз",  - деді Төлеген Оспанқұлов 12-і елордада өткен "Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік" атты халықаралық конференция барысында Kazinform агенттігі тілшісінің сұрағына жауап бере тұрып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу