"Майқапшағай-Қалбатау" тасжолын салып жатқан мердігерге айыппұл салынды

252

Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар "Майқапшағай-Қалбатау" тасжолын салып жатқан мердігерге айыппұл салынды. Айыппұлдың көлемі — 3 млн теңгеге жуық.

"Майқапшағай-Қалбатау" тасжолын салып жатқан мердігерге айыппұл салынды Фото: Inbusiness.kz

ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы "Майқапшағай-Қалбатау" тасжолындағы құрылыс жұмысына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тексерудің нәтижесі бойынша, орындалған жұмыс бекітілген жобаға және мемлекеттік стандарттарға, оның ішінде құрылымдардың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты нормаларға сәйкес келмейтіні анықталған.

"Мердігер компания бұл жұмыстарды 2016 жылдан бері жүргізіп жатыр. Бұзушылықтарға сәйкес оған ҚР ӘҚБтК-нің 315-бабымен 100 АЕК (345 000 теңге), 312-бабы 1-бөлігімен 700 АЕК (2 415 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған басқарманың хаабрламасында.

Мердігер бұл шешімге келіспейтінін білдіріп, сотқа арыз түсірген көрінеді. Өскемен қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты бұл арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу