Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне таласады

1203

Оның сайлауалды кампаниясына 23 млн доллар бөлінген.

Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне таласады

Америкалық кәсіпкер әрі Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі Майкл Блумберг 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысатын болды. Ол Демократиялық партия атынан шықпақшы. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Миллиардер мемлекетті қалпына келтіріп, америкалықтарға тән "арманға сену" қасиетті қайтадан жандандыруға уәде етті. 

Ресми дерекке сүйенсек, Блумбергтің сайлауалды кампаниясына 23 млн доллар көлемінде қаражат бөлінген. 

Майкл Блумберг 1942 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында дүниеге келген. 2002 және 2013 жылдары аралығында Нью-Йорк мэрі қызметінде болған. Ол 2018 жылы Демократиялық партиядан кетіп, республикашылдардың қатарына қосылды. 

Айта кетейік, Құрама Штаттардағы саяси дода 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді. 

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу