Маймыл шешегі адамға қалай жұғады?

336

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі маймыл шешегі коронавирус сияқты қауіп төндірмейтінін атап өтті. 

Маймыл шешегі адамға қалай жұғады? Фото: Дзен

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймақтық кеңсесінің басшысы Ханс Клюге маска маймыл шешегінен (Mpox вирусы) қорғамайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Клюге вирустың тері арқылы, әсіресе жыныстық қатынас кезінде және ауру жануарлардан да жұғуы мүмкін екенін еске салды. Вирус ауа тамшылары арқылы да берілуі мүмкін. Орамал немесе төсек-орын сияқты вируспен ластанған заттар да қауіп төндіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі маймыл шешегі коронавирус сияқты қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар бүгінде Еуропада ай сайын Mpox вирусын жұқтырудың 100-ге жуық жағдайы тіркеледі. Осыған қарамастан еуропалық комиссияның денсаулық сақтау жөніндегі комитеті ЕО әзірге маймыл шешегінің таралу қаупін болдырмау немесе вирусқа қарсы вакцинациялауды бастау үшін шекаралық бақылауды енгізудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді.

Сарапшылар жалпы халық үшін аурудың қаупін төмен деп бағалайды. Сарапшылар Еуропада вирустың әсері қазір төмен деп санайды. Бірақ халыққа маймыл шешегі туралы ақпарат беріп, тестілеуді және жағдайларды анықтауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу