Маймыл шешегі ауруының атауы өзгерді

776

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі ауруының атауын өзгертті. 

Маймыл шешегі ауруының атауы өзгерді Фото: gov.kz

Бұған нәсілшіл әзілдер себеп болған. Дәлірек айтсақ, “Монкей-покс” деген термин енді “M-покс” деп аталатын болады, деп жазады inbusiness.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  

 Ғаламторда нәсілшіл және дискриминациялық сипатта адамдарға қатысты әзілдер қаптап кеткен дейді, ұйым өкілдері. Маймыл шешегі Африкадан тараған. Ол кеміргіштер мен жабайы жануарлардан адамдарға жұғады.

Белгілері: әлсіздік, жоғары температура және адам денесінде бөртпе пайда болады. Әлемнің 109 мемлекетінде 77 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан, оның 40 шақтысы опат болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу