Маймыл шешегі: Қазақстандық оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқитыны рас па?

412

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жалған ақпарат деп түсіндірді. 

Маймыл шешегі: Қазақстандық оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқитыны рас па? Фото: unipage

Желіде маймыл шешегіне байланысты мектеп қашықтан оқытуға көшеді деген ақпарат тарады. Бұған денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

WhatsApp-та таралған ақпаратқа сәйкес, қашықтан оқу 15 қыркүйекте басталады.  

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жалған ақпарат деп түсіндірді. Ал 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталады.

"Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқытуға жіберіледі және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жыл сайын бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бекітіледі. Онда эпидемиялық маусымда алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу басталады. Маска режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі", – деді комитет өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу