Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Науқас – Еуропадан оралған жас жігіт.
"Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Дертке шалдыққан жігіт Еуропа елдеріне сапарлай барып, елге оралған кезде денесі бөртіп кеткен. Ол дер кезінде медициналық мекемеге жүгінді", – деп жазылған Роспотребнадзор жариялаған хабарламада.
Роспотребнадзор аурудың жеңіл түрде екенін, науқастың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын жариялады. Жігіт оқшауланған. Қазір ол инфекциялық бейіндегі медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.
Роспотребнадзор инфекцияның одан әрі таралу мүмкіндігі тоқтатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ведомство елде маймыл шешегін анықтауға арналған реагенттердің жеткілікті екенін хабарлады.
Табиғат Нұрболат