Маймыл шешегі туралы қауесеттер

961

Кей елдерде маймыл шешегі тіркелгелі бері, бұл ауруға қатысты неше түрлі ақпарат тарады.  

Маймыл шешегі туралы қауесеттер

Тараған ақпараттардың шыны қайсы, өтірі қайсы екенін stopfake.kz жазыпты. 

"Бүгінде бірнеше елде тіркелген маймыл шешек ауруының өршуі 2021 жылы АҚШ-та жоспарланған және биотеррористер шабуылының нәтижесі".

Сайтта жазылған дәлелге сенсек, бұл ақпарат жалған. 

 "Бұл өтірік. Bloomberg порталы бұл теорияны жоққа шығарды. Онда жарияланған мақалада бұл теорияны танымал Қытай блогері Шу Чанг ойлап тапқандығы айтылған. Ол Желіден табылған жаттығулар туралы мәліметтерді бұрмалап, АҚШ-ты вирус таратқаны үшін айыптаған. Алайда есептің түпнұсқасында маймыл шешек ауруы биотеррористік шабуылдың нәтижесі деген теорияны дәлелдейтін ештеңе жоқ. Аурудың өршуі әлемде бұған дейін де тіркелген. Оның ішінде эндемикалық емес елдерде де", – деп жазады ақпарат көзі.

Сондай-ақ желіде неміс адвокаты Рейнер Фулмихтің маймыл шешегі – бұл жаңа пандемия ұйымдастырып, адамзатты құлдыққа түсіруге бағытталған әлдебір әлемдік үкіметтің екінші жоспары деп мәлімдеген бейнесұхбаты тараған еді. 

Оның пікірінше, біріншісі, COVID-19 адамдардың көбі "көзін ашқандықтан" "сәтсіздікке ұшырады".

"Мұның бәрі фейк және конспирология.COVID-19 және маймыл шешегі – екі түрлі ауру, олардың қоздырғыштары, белгілері, клиникалық көріністері және басқа да сипаттамалары әртүрлі", – деп жаза келе, ғылыми дәлелдер келтіреді stopfake.kz

"Маймыл шешегі – әлем бойынша тез таралып жатқан ауру емес, адамдарды үйлерінен қуып шығудың сылтауы", "Маймыл шешек – бұл COVID-19 қарсы вакциналардан туындаған герпес", "Маймыл шешегі Pfizer вакцинасы мақұлданған елдерде ғана бар" деген де ақпараттар тараған. 

Бұл ақпараттың бәрі шындыққа жанаспайды. Ақпарат көзі кез-келген ақпаратты таратар алдында оның жалған емес екеніне көз жеткізуге шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу