"Маймыл шешек ауруынан 271 миллион адам өледі"

786

Желі қолданушылары маймыл шешек ауруының таралу сценариі жазылған құжатпен бөлісуде, оған сәйкес, келесі жылы ауру салдарынан әлем бойынша 271 миллион адам көз жұмады екен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Маймыл шешек ауруынан 271 миллион адам өледі"

Stopfake.kz ақпаратты жоққа шығарды. Сайттың анықтауынша, таратылған құжат 2021 жылы "Ядролық қауіпті азайту бастамасы" (NTI) ұйымдары мен Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы өткізген оқу-жаттығулар туралы есептің бір беті.

"Маймыл шешек ауруы туралы жазылғанына қарамастан, бұл сценарий толығымен ойдан шығарылған. Онда Бриния мен Арника сияқты ойдан шығарылған елдер мен оқиғалар жайлы айтылған. Зардап шеккендердің саны мен аурудың даму қарқыны да негізсіз және сценарийде тек симуляция шындыққа ұқсас болуы үшін көрсетілген. Дегенмен, қастандық теориясын жақтаушылар құжатты талқыға салды. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл маймыл шешек ауруы алдын ала жоспарланғанын дәлелдейді. Бұл теорияны Bloomberg порталы жоққа шығарды",- деп жазады Stopfake.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу