Шілде айында майнерлер биткоиндерден миллиард доллардай пайда тапты. Өткен айдың соңында олардың пайдасы 971,8 миллион долларға жетті. Маусымда 839 миллион болған еді, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Block порталына сілтеме жасап.
Наурыз айында рекордтық көрсеткіш тіркелді, ол кездегі пайда көлемі – 1,75 миллиард доллар. Майнингтен келетін табыс көлемі Қытайдың криптовалютаға қатысты саясатынан кейін азая бастады.
Шілде айының соңында биткоин 40 мың долларға саудаланды. 2 тамыздағы мәлімет бойынша, оның қазіргі құны 39,27 мың доллар.
Ең танымал криптовалюта әлемдік қор нарығындағы сатылымның салдарынан құлдырады . ҚХР-дың Халық банкі елдегі ірі қаржы институттарына криптовалютамен операциялар жүргізуге тыйым салды. Осыдан кейін қытайлық майнерлер басқа елдерге көшуге мәжбүр болды. Дегенмен Қытай криптовалютаны өндіру бойынша бірінші орында тұр.
Табиғат Нұрболат