Майнингті реттеу жөніндегі заңдарға енгізілетін түзетулер талқыланды

492

Сенат комитет отырысында депутаттар Қазақстандағы майнингті реттеу жөніндегі заңдарға әзірленген түзетулерді талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Майнингті реттеу жөніндегі заңдарға енгізілетін түзетулер талқыланды Фото: parlam.kz

Сенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер, ақпараттандыру және соттық әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды талқылады.

Құжаттар Қазақстандағы цифрлық активтер мен майнинг қызметін дамыту жөнінде құқықтық база жасау, субъектілердің қызметіне салықтық мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті жүктеу мақсатында әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу