Майнингтік компания отқа оранды

974

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Майнингтік компания отқа оранды

Екібастұз қаласының аумағында орналасқан ірі майнингтік компания – "ВТС" ЖШС өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Аталмыш компания өрт сөндіру бекетінен небары 40 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетті.

"13 сәуір күні сағат 15.09-да "ВТС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өрттің шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орын алған жерге 14 өрт сөндіруші мен үш техника жұмылдырылды. Өрт сағат 17:37-де толықтай ауыздықталды", - деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Ернұр Өтегенов.

Белгілі болғандай, майнингке арналған құралдар мен қабырғалар жанып кетті. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен одан келген шығын көлемі есептелуде.

Айта кетейік, аталмыш майнингтік компанияның қала аумағында үш дата-орталығы жұмыс істейді. Олар электр энергиясын Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Канада және тағы басқа мемлекеттерге сатады. Сол арқылы жылына шамамен 3 млрд теңге табыс табады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу