"Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып, өзінің командасымен өңірлік палата кеңесінің отырысына қатысты. Дәстүрлі кездесу жергілікті кәсіпкерлерге өздері үшін билік пен ҰКП-ның позициясын анықтап, сондай-ақ импорталмастыру, экспорт пен өңдеуді дамытуға қатысты өткір мәселелердің жауабын табуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды abctv.kz.
ҰКП басшысы, палата қазір "ҚазАгро" мен ауылшаруашылығы министрлігінен ауылшаруашылығын тиімді өңдеуге мүмкіндік беретін ұсыныстар күтіп отырғанын айтты. Осы жоспарды іске асыру әлеуеті бар өңір ретінде Қостанай облысына ерекше көңіл бөлінеді. Кездесу барысында өңір бизнесмендерінің ауыл шаруашылығы тақырыбын талқылауды ұсынуы да осыған байланысты. Мысалы, шаруаларды бірыңғай ауылшаруашылық салығын енгізу қаралып, қолдауға ие болғаны қатты қуантты. Әсіресе, шағын шаруашылықтарға жылына бір-ақ рет салық төлеген тиімді. Соның ішіне бюджетке аударылатын барлық салық түрі кіреді. Бұл тақырып қазір ұлттық экономика министрлігінде қызу талқыланып жатыр.
Сонымен қатар шаруалар бүгінгі күні өсімдік шаруашылығының негізгі бес құраушысының үшеуі, яғни ЖЖМ, техника және химияның бағасы үнемі өсіп отыратынын айтып, жұмысты жоспарлау мәселесін көтерді.
"Қарасу" АӨК" ЖШС басшысы Алмат Тұрсыновтың айтуынша, сол себепті шаруалар тұқымды, агротехнологиялар және басқа да шығыстарды үнемдейді. Оның айтуынша, осыдан барып қазақстандық астықтың сапасы төмендеп, нарықтарды жоғалту орын алады.
"Ауылшаруашылығы министрлігіне жүгініп, егістіктерді әртараптандыру керек пе әлде өңдеуді арттыру үшін инвестициялық субсидиялар беру бола ма, соны түсіну үшін олардан зерттеу жасауды сұрадық. Осы дұрыс болатын шығар", – деді "Атамекен" ҰКП басқармасы төрағасы Абылай Мырзахметов.
Өңдеушілер де өз сұрақтарына жауап алды. Мысалы, макарон, кондитерлік өнім шығарушылар олардың өнімін ҚҚС бойынша даталанатын тауарлар тізіміне қосатынын айтты. Ұн өндірушілер ҚҚС бойынша өтемақы алған, ал макарон бойынша әлі күнге дейін ала алмай отыр. Жағдайды түзету саланың дамуына жаңа серпін бермек.