Макарон өнімдері бір жылда 11%-ға қымбаттаған

1349

Сектордағы өндіріс 13%-ға төмендеген.

Макарон өнімдері бір жылда 11%-ға қымбаттаған

Биыл қаңтар-тамызда елде 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және тағы басқа ұн өнімдері өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Макарон өнімдері Шымкентте ең көп шығарылған: 17,8 мың тонна, бір жылда минус 16,3%. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (16,7 мың тонна, бір жылда минус 19,2%) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна, бір жылда минус 1,3%) енді.

2020 жылы Қазақстанда 179,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілген, өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде отандық компаниялар макарон өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 82,3% қамтамасыз еткен, өткен жылғы көрсеткіш – 84,7%. 

Импорт үлесі – 17,7%. Елге 18,9 мың тонна өнім әкелінді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп.

Өнімдерді ішкі нарықта сату бір жылда 20,5%-ға немесе 71,3 мың тоннаға дейін қысқарған. Сонымен қатар экспорт 11,9%-ға немесе 35 мың тоннаға дейін өскен.

Биыл тамызда макарон өнімдерінің бағасы бір айда 1,3%-ға, ал бір жылда 11,1%-ға өскен. Жылдық динамикада Атырау (22%), Қызылорда (18,4%) және Қарағанды (17,5% -ға) облыстарында аталған өнімдер айтарлықтай қымбаттаған.

Макарон өнімдерінің ішінде жылдық динамикада кеспе бағасы 12,4%-ға, спагетти 11,5%-ға, вермишель 10,9%-ға, түтік кеспе (рожки) 10,7%-ға өскен.

Қыркүйекте елдегі базарлар мен дүкендерде кеспе 782 теңгеге, вермишель 374 теңгеге, түтік кеспе (рожки) 361 теңгеге сатылған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу