Мақат ауданында жанармай тиеген екі көлік ұсталды

998

Олардың қолында ешқандай құжат болмай шықты.

Мақат ауданында жанармай тиеген екі көлік ұсталды

Атырау полицейлері жанар-жағармай тасыған екі көлікті ұстады. Полиция қызметкерлері Мақат ауданының аумағынан шыға берісте екі "Газель" автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында, көлік үстіне тиеп алған жанар-жағармай сұйықтықтары, сонымен қатар, сол сұйықтықты соруға және айдауға арналған құрылғыларды анықтады.

"Тексеріс барысында, қос көлік жүргізушілері 1984 және 1992 жылы туған азаматтарда жалпы салмағы 6,6 тонна сұйықтыққа қатысты ешқандай құжаттар болмай шықты. Тәркіленген жанар-жағар майға сараптама тағайындалды", – дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК "Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау" деп аталатын 197 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу