Македонияның НАТО-ға кіруі 1 немесе 1,5 жылға созылады. Ел атауы ауыстырылып, конституцияға өзгертулер енгізілгеннен кейін ұйымға мүше бола алады. Бұл туралы әскери альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.
Айтуынша, Македонияның ұйымға кіруі туралы шешім шілде айында Бельгияда өтетін саммитте қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, ресми Афина мен Скопье Македония Республикасы атауының өзгертілуіне қатысты келісімге қол жеткізген еді. Македония Республикасының атауы "Солтүстік Македония Республикасы" болып өзгертілді. Осы атауға байланысты Афина мен Скопье арасындағы дау-дамайдың басталғанына 25 жылдан асты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу