Макеевкада қаза тапқан орыс сарбаздарының саны 89-ға жетті

480

Украина тарапы кем дегенде 400 адам қайтыс болғанын хабарлаудан тайынбай келеді. 

Макеевкада қаза тапқан орыс сарбаздарының саны 89-ға жетті Фото: ria.ru

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі: Макеевкада қаза тапқан ресейлік әскери қызметшілердің саны 89-ға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын тергеу жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Бірақ қазірдің өзінде бұл оқиғаның басты себебі салынған тыйымға қарамастан, жеке құрамның жауды жеңу құралдарына қол жеткізу аймағындағы ұялы телефондарды қосуы және жаппай пайдалануы болды", - деді Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас әскери-саяси басқармасы бастығының бірінші орынбасары Сергей Севрюков.

"Ең сорақысы, әскерилердің мұндай әрекеті қарсыласқа зымыран соққысы үшін әскери қызметшілердің орналасу координаттарын анықтауға мүмкіндік берді", - деді ол.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Украинаның HIMARS қондырғысын жойды деп мәлімдеді.

Ресей әскери қызметшілерінің базасы орналасқан Макеевкадағы кәсіптік мектептің ғимаратына соққы жаңа жыл басталғанда бірден болды. Осы кезде ПТУ ғимаратында 600-ге жуық адам болуы мүмкін.

Жексенбіде УҚК стратегиялық коммуникациялар басқармасы Макеевкаға шабуыл кезінде 400 адам қаза тауып, 300 жұмылдырылған ресейліктер жараланғанын хабарлады. Украиналық БАҚ-та 300 адам қаза тапқаны туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу