Ирландық UFC жұлдызы Конор МакГрегор және осы ұйымның ресейлік чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың арасындағы жекпе-жек қарсаңындағы салмақ өлшеу рәсімінде төбелес шығып кетуі мүмкін еді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
МакГрегор қарсыласын теуіп жібере жаздады. Бірақ Нурмагомедов арандатушылыққа жол бермеді.
Айта кетелік екі спортшының да салмағы жеңіл категорияға келді. Нұрмагомедовтың салмағы 155 фунт (70,3 келі), ал МакГрегор - 154 фунт (70,08 келі) болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу