Макинск қаласында ауыз су мәселесі шешілді

695

Су тапшылығы кезінде он жеті мың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін қосымша нысан іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Макинск қаласында ауыз су мәселесі шешілді

Макинск қаласында 17 мың тұрғын бар. Осы уақытқа дейін ауыз су мәселесі өзекті болса, қазір түбегейлі шешілді. Кішкентай кен орнынан қаланы сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі жерасты су сорғы және сорғы станцияларының құрылысы аяқталды. Аяқталған нысан су тапшылығы кезінде он жеті мың халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. 

"Осы уақытқа дейін күніне біз тұрғындарға 1500 м3 су жіберетінбіз. Әрине, бұл жеткіліксіз. Оның үстіне бұрынғы резервуарлар ескі, тозығы жеткен. Енді осы жаңа нысанды қосқасын күніне 1 800 м3 су жібереміз. Әлбетте, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілді", – деді Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" ШЖҚ МКК директорының м.а. Азамат Алдабергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу