Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында 800 шаршы метр аумақтағы өртті 43 минутта сөндіріп, өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді, – деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт кезінде ғимараттың бос болғандығын және құстардың зардап шекпегендіктерін атап өткен жөн. №7 ғимараттың жалпы ауданы 1930 шаршы метрді құрайды, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрт 18.04-те оқшауланып, 18.18-де сөндірілді. Өрт орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы, Макинск құс фабрикасының 7 және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмыс істеді. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады, өрт болған жағдайда шұғыл түрде "101" немесе "112" нөмірлеріне хабарласыңыз.