Мақпал Жүнісова 60-қа толды, әншіні жанкүйері ерекше құттықтады

6037

Қазақстандық халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова бүгін, 11 қаңтарда, 60 жасқа толған туған күнін тойлауда. 

Мақпал Жүнісова 60-қа толды, әншіні жанкүйері ерекше құттықтады Фото: Мақпал Жүнісованың жеке архивінен

Мақпал Жүнісованы түннен бастап жақындары, достары мен жанкүйерлері құттықтай бастаған. Ал Жанар есімді жанкүйері сүйікті әншісіне ерекше тосынсый жасаған.

Ол ескі кадрлардан видео жасап, көпшілік назарына ұсынған. Кадрдан жап-жас Мақпал Жүнісованы, оның сұхбаттары мен сахнадағы өнерін көруге болады. Ал видео әншінің "Жылдар-жылдар" әнімен сүйемелденген.

Өнер иесі жанкүйеріне алғысын айтып, видеоны парақшасында бөлісті:

"Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар!" – деп жазды Жүнісова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу