Мақпал Жүнісова туған күнінде Президенттен құттықтау алды

1149

Бүгін Қазақстан халық әртісі Мақпал Жүнісова 60 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мақпал Жүнісова туған күнінде Президенттен құттықтау алды Фото: @zhunusova.makpal

Әншіні достары мен тыңдармандары туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та әншіні мерейлі 60 жасымен құттықтады.

"Алпыс жастың бірінші күні жақсы басталды. Аллаға мың шүкір. Президенттің құттықтауын Арман Қырықбаев пен Ақзер сіңілім табыстап, қуанып кетіп барамын! Мемлекет басшысының қыздың жасын елегеніне мың рахмет!", – деп жазды әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу