Мақпал Жүнісова үшем босанды

22655

Көкшетау перзентханасында Мақпал Жүнісова есімді келіншек үшем босанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мақпал Жүнісова үшем босанды Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Бақытты отбасы Зеренді ауданына қарасты Гранитный селосында тұрады. 

"Мен, Мақпал Жүнісова үшем босандым. Жүктілік кезінде жанымда болған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жүктіліктің 35-ші аптасында босандым, бәрі қалыпты өтті. Әрине, соңғы айда қиындау болды. Алғашында дәрігерлер егіз болады деген. Бірақ кейін үшем болатынын естігенде жолдасым екеуіміз қатты таңғалдық. Үйде тағы екі ұлым мен бір қызым бар. Енді, міне, Мирас, Гүлнәр және Гауһар есімді үшем өмірге келді", – дейді Мақпал Жүнісова. 

Дәрігерлер үшемнің анасына барынша көмек беретінін жеткізді. 

"Ең үлкен болған ұл бала 2 келі 300 грамм салмақпен туды. Қалған екі қыз бала 2 келі 200 грамнан дүниеге келді. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Балаларға біздің медициналық персонал көмек көрсетіп жатыр. Сәбилер жетілмей туғандықтан перзентханада барлық қажетті медициналық тексерістер мен мамандардың консультациялары да бірге жүргізілетін болады. Барынша көмек берілетін болады", – дейді Көкшетау қалалық перзентханасының неонатолог-дәрігері Татьяна Шафигина. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу