Макрон 5-7 сәуір аралығында Қытайға барады

658

Франция Президенті Си Цзиньпиньді Украина жеріндегі соғыста Ресейге қолдау көрсетпеуге көндірмек. 

Макрон 5-7 сәуір аралығында Қытайға барады Фото: img4.eadaily.com

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қытайға 5-7 сәуір аралығында мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон 5-7 сәуірде Қытайға мемлекеттік сапармен барады", — деді дипломат.

Agence France-Presse хабарлауынша, Қытайға сапары барысында Макрон ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен украин дағдарысын талқылап, Бейжіңді Ресейді қолдамауға көндірмек.

"Макрон коронавирустық пандемияға байланысты ұзақ уақыт бойы жеке байланыста болмағаннан кейін қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру процесін бастауға тырысады", — деп хабарлайды агенттік.

Макрон мен Си Цзиньпин соңғы рет Индонезиядағы G20 саммитінде кездесті, ал Франция Президентінің Бейжіңге соңғы сапары 2018 жылдың қаңтарында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу