Макрон АҚШ-қа іс-сапармен келді

547

АҚШ-та Франция президенті 2 желтоқсанға дейін болады.  

Макрон АҚШ-қа іс-сапармен келді Фото: Звезда телеарнасы

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-қа ресми іс-сапармен келді, оны Джо Байден жеке қабылдайды деп күтілуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz France Presse агенттігіне сілтеме жасап.

"Макрон Вашингтон сыртындағы “Эндрюс” атты ортақ базаға келіп қонды және Жаңа Орлеанға кеткенше астанада екі күн болады", — делінген агенттік хабарламасында.

Макронның Вашингтонға келуінің негізгі мақсаты - АҚШ-тың Инфляцияны төмендету актісі (IRA) төңірегінде пікір алмасу. Ол америкалық әріптесін аталмыш заңды жеңілдетуге көндіруге тырысады, себебі оның ойынша акт ССҚ нормаларына қайшы келеді. Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары талқылайтын тақырыптар АҚШ-тың Еуропаға сатып жатқан газ бағасы мен Қытай бәсекелестігіне қатысты болмақ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу