Макрон, Ердоған, Орбан: Астанаға әлемдік көшбасшылар келеді

677

Келесі аптада елімізге бірнеше әлемдік көшбасшылар келеді деп күтілуде.

Макрон, Ердоған, Орбан: Астанаға әлемдік көшбасшылар келеді Фото: Риа Новости

2023 жылғы 1 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми сапары басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сапар барысында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, 2 қарашада Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Астанаға ресми сапармен келеді.

Ресми сапар аясында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелерін талқыланады деп күтілуде.

Түркия көшбасшысы Ердоғанның сапары Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммиті аясында 3 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Мұрат Нұртілеу Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде мәлімдеген болатын. Ердоған да арнайы жеделхат арқылы Тоқаевпен кездесуге ниетті екенін растады.

Шараға ТМҰ-ға мүше мемлекеттер – Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан басшылары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу