Макрон: Франция Украинаның қару-жараққа қатысты сұранысын толыққанды қанағаттандыра алмайды

664

Қару-жарақ беру Францияның өзін әлсіретуі мүмкін.

Макрон: Франция Украинаның қару-жараққа қатысты сұранысын толыққанды қанағаттандыра алмайды Фото: russian.rt.com

Париж Киевке сұраған қару-жарақтың барлығын бере алмайды. Бұл туралы сәрсенбіде "France 2" телеарнасына берген сұхбатында Франция Президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді. Ол Киевке қару-жарақ жеткізу Францияның өзін әлсіретуі мүмкін екенін атап өтті.

"Әскери көмек бар жерде мұндай мәселенің туындайтыны рас. Сондықтан біз Украина сұранысына сай көп қару бере алмаймыз", – деп атап өтті Француз көшбасшысы.

 

"Украина Президенті Владимир Зеленский менен белгілі бір қару-жарақ көлемін жіберуді сұрады. Бірақ мен өзімізді әрі НАТО-ның шығыс қапталын қорғау үшін елімізді қарусыз қалдыра алмаймын", – деп түсіндірді Макрон.

Ол Франция "Украинаға өз жерінде қарсы тұруға көмектеседі. Бірақ Ресейге шабуыл жасау үшін емес" деп баса айтты.

"Біз бұл қақтығыстың қатысушысы емеспіз", – деді Макрон.

Алдағы аптада Париж Украинаның өтініші бойынша "оған әуе шабуылдарына тойтарыс беру үшін радарлар мен әуе қорғанысын жіберуді жоспарлап отыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу