Макрон Францияның әскери экономика кезеңіне өткенін мәлімдеді

620

16 маусымда Франция президенті Киевке сапарлай барады.

Макрон Францияның әскери экономика кезеңіне өткенін мәлімдеді

Франция геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты 2019-2025 жылдарға арналған әскери бағдарламалау туралы заңды қайта қарауы керек. Ел Президенті Эммануэль Макрон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Яғни әскерге кететін шығындарды арттыру жағы қарастырылмақ. Париждің осы саладағы саясатын анықтайтын құжатқа Қорғаныс министрі мен қарулы күштер штабтарының басшысы қол қояды.

Макрон Франция "әскери экономика кезеңіне" өткендіктен осы заңды қайта қарауға шақырғанын мәлімдеді.

Ескере кететін жайт, 16 маусымда Франция президенті Киевке сапарлай барады. Ол Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесін талқыламақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу