Макрон мен Лукашенко 4 жылдан кейін алғаш рет сөйлесті

540

Франция тарапы Беларусьті Еуропамен байланыстарды жақсартуға шақырды.  

Макрон мен Лукашенко 4 жылдан кейін алғаш рет сөйлесті Фото: Radar Armenia

Франция президенті Эммануэль Макрон 2022 жылдан бері алғаш рет Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Беларусь тарапының мәліметінше, әңгіме 24 мамырда Франция тарапының бастамасымен өткен. Кездесу барысында тараптар аймақтық жағдай мен Минскінің Еуроодақпен қарым-қатынасын талқылады.

TF1/LCI телеарнасының хабарлауынша, Макрон Лукашенкоға Беларусь Ресейдің Украинаға қарсы соғысына тартылған жағдайда туындауы мүмкін қауіптер туралы ескерткен. Сондай-ақ Париж Минскіні Еуропамен байланыстарды жақсартуға бағытталған қадамдар жасауға шақырған.

Айта кетейік, жақында Мәскеу мен Минск Беларусь аумағында орналасқан, ядролық оқтұмсық алып ұша алатын ресейлік "Искандер" кешендерін қолдану бойынша бірлескен жаттығу өткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу