Макрон мен Путин алдағы аптада жедел келіссөз жасауы мүмкін

Бұл туралы ТАСС басылымы жазып отыр. 

Макрон мен Путин алдағы аптада жедел келіссөз жасауы мүмкін Фото: Kremlin Pool/Globallookpress

Франция президенті Эмманюэль Макрон Владимир Путинмен мүмкіндігінше тезірек кездесуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Барлығы қысқа мерзімде ұйымдастырылуы керек. Қазіргі уақытта байланыс қалпына келтіріліп жатыр, ол алдағы апталарда болуы керек, – деді ол France 2 телеарнасына берген сұхбатында. 

Телеарна тілшісі Макронның Путинмен сөйлесу пайдалы болатыны туралы жақында айтқан мәлімдемесін еске салған. Сондықтан да, "бұл мәселеде ілгерілеушілік бар ма?" деп сұрақ қойған. 

Осыған дейін РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "егер Макрон сөйлесуге дайын болса, Ресей әрқашан диалогқа ашық" деп мәлімдеген еді. 

Ал РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Франция көшбасшылары арасында диалог туралы ұсыныстар түскен жағдайда, Кремль бірінші хабарлайтынын жеткізді. 

Бұған дейін Франция мен Ұлыбритания Украина аумағында атысты толық тоқтатқаннан кейін өз әскерлерін орналастыру ниетіне орай Зеленский "Біз жалғыз емеспіз" деген мәлімдеме жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу