Макрон мен Си Цзиньпин Олимпиада кезінде бүкіл соғысты тоқтатуға шақырды

277

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Парижде өтетін Олимпиада кезінде соғысты жаһандық деңгейде тоқтату үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Еuronews сайты.

Макрон мен Си Цзиньпин Олимпиада кезінде бүкіл соғысты тоқтатуға шақырды Фото: reuters.com

Парижде өткен баспасөз мәслихатында Си Цзиньпин Қытай Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуде белсенді рөл атқарып отырғанын айтты.

"Бүгін әлем тыныш емес. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі және жауапты ірі ел ретінде Қытай Париждегі Олимпиада ойындары кезінде жаһандық атысты және соғысты тоқтату мүмкіндігін пайдалану үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын", – деді Си Цзиньпин.

Оның сөздері Олимпиада кезінде бітімге шақырған Макронның ұқсас мәлімдемелерімен үндестік тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу