Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон жуырда АҚШ-қа барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц хабарлады.
"Келесі аптада Вашингтонға Франция президенті Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Стармер келеді", – деп хабарлады Уолтц Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Еуропалық көшбасшылар Украинадағы қақтығыс мәселесін талқылау үшін келеді.
18 ақпанда Сауд Арабиясының астанасында Ресей мен АҚШ делегациялары кездесті. Ресей делегациясын Сергей Лавров, президент көмекшісі Юрий Ушаков бастап барды. Ал АҚШ делегациясының құрамында мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекші Майк Уолтц болды.