Макрон мен Трамп бір-бірінің тізесіне қол тигізді

Қос президенттің бұл іс-әрекетін сан-саққа жүгіртіп жатқандар бар. 

Макрон мен Трамп бір-бірінің тізесіне қол тигізді Фото: газета.ру

Лидерлер арасындағы қарым-қатынастың мұндай қимылмен жалғасуы көпшіліктің талқысына түсуі де орынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Франция президенті Эммануэль Макрон Ақ үйде АҚШ перзиденті Трамптың тізесіне қолын қойғаны жайындағы бейнемазмұн жарияланды. Десе де, ол жауап ретінде өзіне бағытталған дәл сол қимылды қабылдамаған. 

"Макронның АҚШ-қа жасаған сапары әлеуметтік желілерде қызу талқылануда" деп жазады РИА Новости. 

Франция президентінің іс-әрекеті ресми келіссөздер кезіндегі кәсібилікке қарсы болуы мүмкін. Әлеуметтік желі пайдаланушылардың бірі "Макронның Трампқа жасаған қимылы орынсыз болып көрінеді" деп жазған. Сонымен қатар, екіншісі Макронға Ақ үйдегі хаттама мен этикет тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысуға кеңес берген.

Видеодан оқиғаның күрделене түскенін байқау қиын емес. Себебі, Трамп өз кезегінде Макронның тізесіне қолын қойып, оны қозғауға тырысқан. Десе де, Француз президенті жедел әрекет етіп, Трамптың қолын тырп еткізбей ұстап қалған. 

Аталған бейнемазмұн әлеуметтік желілерде белсенді талқылауға түсті. Өйткені, лидерлер арасындағы қарым-қатынастың мұндай қимылға ұласуы көпті қызықтырады. 

Айта кетейік, Франция президентімен кездесуде Дональд Трамп журналистердің сұрағына жауап беруден жалтарғаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу