Макрон Ресейді "соңғы отаршыл империялардың бірі" деп атады

853

28 маусымда Франция президенті Эммануэль Макрон Украинадағы соғыс жыл соңына дейін аяқталады деп мәлімдеген еді.

Макрон Ресейді "соңғы отаршыл империялардың бірі" деп атады Фото: reuters.com

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейді "соңғы империялық отаршыл державалардың бірі" деп атады. Африкалық турне аясында өткен баспасөз мәслихатында Макрон Ресейдің Украинаға басып кіруін өткен ғасырлардағы империялық соғыстармен салыстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

"Бұл Еуропа құрлығынан жоғалып кетті деп есептеліп жүрген аумақтар үшін соғыс. Бұл ХХ ғасырдың басы мен XIX ғасырдағы соғыстар іспеттес", – деді Макрон.

"Ресей – соңғы отаршыл империялардың бірі. Ол өз мүдделерін қорғау үшін көрші елге басып кіруді ұйғарып отыр", – деді Франция президенті.

28 маусымда Франция президенті Эммануэль Макрон Украинадағы соғыс жыл соңына дейін аяқталады деп мәлімдеген еді. Ол Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеу керектігін айтты. Макрон Украинаға көрсетіліп жатқан қолдау мен Ресей Федерациясына қарсы санкциялар қажет болғанша созылатынын жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу